Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Өскеменде алғашқы шетелдік көлік заңдастырылды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шетелдік автокөлікті тіркеу науқаны аясында Өскеменде алғашқы автокөлік тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде алғашқы шетелдік көлік заңдастырылды

Облыс тұрғыны Анастасия Кузьмичева былтыр Ресейден әкелген көлігін тіркеді.

– Мемлекет берген бірегей мүмкіндікті пайдаланып, көлігімді заңдастыра алғаныма қуаныштымын, – деді ол.

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің хабарлауынша, акцияның алғашқы күні 150-ден астам адам заңдастыру бойынша өтінім беріп, олардың 90-нан астамы бірінші кезеңнің мақұлдауын алды. Жаңа нөмірді тек 2 автокөлік иесі тіркеді. Көптеген тұрғындарға заңдастырудан бас тартылды, негізгі себеп – көлікті елге әкелу туралы ақпараттың немесе кедендік тексеру мәліметтерінің табылмауы.

Естеріңізге салсақ, 23 қаңтарда елде шетелдік автомобильдерді заңдастыру науқаны басталды. Кез келген автокөлік иесі осы акцияны пайдаланып, заңдастыруға өтінім бере алады.