ӨСКЕМЕН. 13 маусым. Шығыс Қазақстан облысында үздіксіз дәрігерлік көмек көрсету жүйесі дамып келеді. Мәселен, науқастарды тасымалдауға арналған тікұшақтың пайдалануға берілуі өңірдегі медициналық қызметтің жандана түскенін көрсетеді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
11 маусымда Семей қаласында өткен медицина қызметкерлерінің күнінде пайдалануға берілген санитарлық авиация қызметі алғашқы күннен-ақ қызу жұмысқа кірісіп кетті. Шығысқазақстандық ақ халаттыларға арналған MD 600 тікұшағы «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы бойынша республикалық санитарлық авиация орталығынан бөлінген болатын.
Семей қаласы санитарлық авиациясының меңгерушісі Нажия Пронинаның айтуынша, аталған тікұшақ арнайы медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жеке тікұшақтың берілуі Семей қаласынан шалғай орналасқан аудандардағы тұрғындарға жедел көмек көрсетуді жақсартуға септігін тигізетін болады.
Тікұшақ берілген күннің кешінде 2 науқас жедел орталық ауруханаға жеткізіліпті. Оның бірі толғағы уақытынан бұрын жеткен аяғы ауыр келіншек болса, екіншісі геморрагиялық инсульт алған жас жігіт екен. Абай ауданының 28 жастағы тұрғынының өмірін сақтап қалуға осылайша жаңадан қолданысқа берілген тікұшақ септігін тигізді. «Егер науқасты дер уақытында ауруханаға жеткізбегенде, инсульт өліммен аяқталушы еді», – дейді тікұшақ бортындағы дәрігерлер.
Айта кетейік, аталған тікұшақтың бір ұшуының өзі мемлекет қазынасына 1 миллион теңгеге түседі. Әрине, адам өмірі таразы басына тартылғанда, аталған шығын өзін-өзі толық өтейтінін жоққа шығара алмаймыз.
Думан Анаш.
Дереккөз: Egemen.kz.
Фото: «ҚазАқпарат».
• 13 Маусым, 2014
Шығыс Қазақстан облысында санитарлық тікұшақ екі адамның өмірін сақтап қалды

Халық жазушысы Мұхтар Шаханов дүниеден өтті
Қоғам • Кеше
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Кеше
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Кеше
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Кеше
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Кеше
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Кеше
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Кеше
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Кеше