Оқиға • 24 Қаңтар, 2023

Ақтөбеде оқушыны қағып кеткен жүргізуші ұсталды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбеде жүргізуші кәмелетке толмаған баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде оқушыны қағып кеткен жүргізуші ұсталды

17 қаңтарда Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік даңғылының бойында кешкі уақытта белгісіз автокөліктің жүргізушісі 12 жастағы баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Opel Astra автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады.

Автокөлік арнайы автотұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұза отырып жол-көлік оқиғасы болған орнын қалдыруы) бойынша әкімшілік іс қозғалды. 

Медициналық тексерістен кейін жасөспірім бала үйіне қайтарылды.