Ауа райы • 24 Қаңтар, 2023

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

828 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 2023 жылдың ақпан айына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

«Алдын ала болжам бойынша, ақпан айында республика аумағының басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады», деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Досбол Бекмағамбетов.

Оның айтуынша, ақпан айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жақын. Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында жауын-шашын мөлшері нормадан аз болады деп күтіледі. Ал Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында жаңбыр түріндегі жауын-шашын нормадан артық болады.

Ылғал қоры Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарында салыстырмалы түрде жоғары.