Бүгін таң алдында аяқталған Испания мен Голландия арасындағы ойында әлем чемпионатының ең алғашқы сенсациясы тіркелді. Онда «Қызғалдақтар елінің» командасы жаһанның қазіргі чемпионын 5:1 етіп ойсырата ұтты. Ал содан сәл бұрын, 13 маусым күні түнде Мексика мен Камерун кездесіп, бұлардың алдыңғылары 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Матчтың басы испандар үшін тым дабыл қағарлықтай болып басталған жоқ. Керісінше Пиреней түбегінің жігіттері әріптестеріне қарағанда, айтарлықтай ширақ та сенімді көрінді. Олар бірінші қауіпті шабуылды өз қақпаларына жасатып алғандары болмаса, негізінен қысымды өздері жасап жатты. Сондықтан кездесудің 27-минутында Диего Костаның қарсыластар айып алаңында күмәнді жағдайда құлап қалғаны үшін белгіленген пенальти арқылы Хаби Алонсо соққан гол оншалықты сенімді болып көрінбегенімен, ойынның мазмұны бойынша олардың басым екеніне де кәдімгідей иланып-ақ отыр едік. Бұдан кейін қақпашы Икер Касильястың анық қателігінен 44-минутта Робин ван Перси есепті теңестіріп кеткен кезде де, мұны уақытша нәрсе секілді сезінгеніміз рас-тын.
Алайда, екінші таймның басынан нағыз найзағай ұрып, жасын жарқылдаған ойындарды танытқан Голландия футболшылары бұл түйсікті түгел тас-талқан етіп жіберді. Сол дауылдың басын 52-минутта Арьен Роббен бастап берді. Бұдан кейін 64-минутта Стефан де Врейге бір рет кезек беріп алған алдыңғы екі футболшы – ван Перси мен Роббен тағы бір-бір мәртеден (72, 80-минуттар) қақпашыны жазалап шықты. Сөйтіп, есепті 5:1-ге жеткізді.
Осының алдында өткен Мексика мен Камерун кездесуінде де төрешінің жүгенсіздігі бірден көзге ұрды. Бұл ретте колумбиялық арбитр Вильмар Рольдан Хорватия құрамасы қақпасына күмәнді пенальти белгілеген жапон Юити Нисимурадан да асып түсті. Ол «ойыннан тыс жағдай» деген желеумен үш бірдей доптың дарбазаға түскенін тән алмай тастады. Егер бұл тұста камерундықтар шынымен офсайдта қалып қойған болса, мексикалықтардың соққыларымен салынған екі гол да таза еді. Дегенмен, жоғары әділдік бар екен, ақырында ацтек ұрпақтары бір сәтте шешуші гол соғып, қолдан сусып кетіп бара жатқан жеңісті тартып әкетті.
Бұл күні бәрінің соңынан алаңға Чили және Австралия құрамалары шықты.
Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан».

Дубайда өмірлік жазаға тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00