Тағайындау • 24 Қаңтар, 2023

Швецияның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Швецияның Қазақстандағы елшісі болып 1958 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген Ева Ульрика Пулано тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Швецияның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Ол Стокгольм, Гетеборг және Уппсала университеттерін саясаттану мамандығы бойынша бітірген. Дипломатиялық қызметін 1983 жылы Швецияның Вьетнамдағы елшілігінің екінші хатшысы ретінде бастады. Швецияның Аргентина, Сирия, Гвинея-Бисау, Германиядағы елшіліктерінде жұмыс істеді. Швеция СІМ-інде Саяси департаментінде және Еуропалық интеграция департаментінде жұмыс істеді, ЕО департаменті мен Халықаралық ілгерілеу комитетін басқарған.

Швецияның Мексика, Индонезия, Катар және Анголадағы елшісі болды. 2023 жылғы қаңтарда Швецияның Қазақстан Республикасындағы елшісі болып тағайындалды.