Тағайындау • 24 Қаңтар, 2023

Грузияның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2023 жылғы қаңтарда Грузияның Қазақстан Республикасындағы елшісі тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Грузияның Қазақстандағы елшісі тағайындалды

Грузияның Қазақстандағы елшісі болып Лалиашвили Николоз тағайындалды. 

Ол 1973 жылы 17 желтоқсанда Тбилиси қаласында дүниеге келген. Тбилиси мемлекеттік университетін заңтану және филология мамандықтары бойынша бітірген. Филология ғылымдарының докторы дәрежесіне ие.

Бас штаб офицерлері, Еуропадағы одақтас державалардың Жоғарғы Бас Қолбасшысы мектебі (Германия), АҚШ Әскери-теңіз Әділет мектебі, НАТО қорғаныс колледжінің аға офицерлері (Италия), Гарвард университетінің Кеннеди мектебінде (АҚШ) Қара теңіз қауіпсіздігін қамтамасыз ету курстарында оқыды.

Еңбек жолын 1998 жылы Грузия Қарулы күштері Бас штабының НАТО-ның Бейбіт жоспарлау серіктестігі және шолу процесінің бастығы лауазымынан бастады. Әрі қарай Грузия Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің әскери кеңесшісі және Грузия мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің қоғаммен байланыс бөлімінің бастығы, сондай-ақ Грузия Қорғаныс министрлігінің НАТО интеграция бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. Грузияның жоғары Әділет кеңесінің мүшесі, Парламент депутаты - Ұлтаралық қатынастар комитеті төрағасының орынбасары болды.

2015 жылы «Маэстро» телекомпаниясына саяси редактор ретінде жұмысқа ауысады, ал 2020 жылдан бастап «Имеди» телекомпаниясын басқарған.