Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Қостанай облысында криптоактивтер табылды

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында тексеріс кезінде күдіктілерден екі криптовалютадағы құны 6 000 АҚШ долларын құрайтын криптоактивтер, сондай-ақ басқа криптовалюта биржаларында құны 200 000 доллардан асатын криптоактивтер тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қостанай облысында криптоактивтер табылды

Қостанай облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «KZobmen.com», «1WM.KZ», «Kazobmen.ru», «WM007.KZ», «KZ-EXCHANGE.COM» крипто айырбастау пункттері арқылы АХҚО алаңынан тыс, цифрлық активтермен тыйым салынған, аса ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған азаматтардың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.

«Жүргізілген ЖІШ нәтижесінде 6 мекенжай бойынша санкцияланған тінту жүргізілді, оның барысында жоғарыда көрсетілген крипто айырбастау пункттерінің ұйымдастырушыларын әшкерелейтін заттар: Ноутбуктер, моноблоктар, ұялы телефондар, банктік және бухгалтерлік құжаттар, қылмыстық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын криптоәмиян кілттері (флэш-карталар) алынды. Binance платформасында 2 криптоәмиянда 6 000 АҚШ доллары көлеміндегі криптоактивтер анықталып, оларға уақытша шектеулер орнатылды. Басқа криптобиржаларда орналасқан тағы 200 000 доллардан астам криптоактивтер табылды», делінген ведомство хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Қаржылық мониторинг агенттігі көрсетілген қызмет түріне тиісті лицензия болған жағдайда Астана қаласында АХҚО аумағында ғана рұқсат етілгенін ескертеді.