Өткен жылы терроризм актілері бойынша жалған хабарламалар саны күрт артқаны байқалып отыр. Бас прокуратура ұсынған деректерге қарағанда, ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен 181 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Әдетте, аталған фактілерді тексеру көп уақыт пен ресурстарды қажет етеді. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар, кинологтар, өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары, жедел тергеу топтары барады. Кәсіпорындардың қалыпты жұмыс режімі бұзылады. Бұл күш пен құралдардың айтарлықтай ауытқуына әкеледі, тексерілетін коммерциялық кәсіпорындар миллиондаған шығынға ұшырайды, терролық шабуыл туралы жалған хабарламалар адамдарды эвакуациялау кезінде дүрбелең мен құрбандыққа әкелуі мүмкін. Құқық қорғау және арнайы органдар осындай анонимді хабарламалардың авторларын анықтау бойынша шаралар қабылдайды», делінген ведомство хабарламасында.
2022 жылы терроризм актілері бойынша жалған ақпарат таратқан 25 адам жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, 2022 жылғы шілдеде Қостанай облысының тұрғыны өз көршісінен кек алу мақсатында электрондық поштасын бұзып, оның атынан Астана және Алматы қалаларының 13 нысандарына (сауда орталықтары, әуежайлар, банктер және т.б.) терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жіберген үшін 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Алматы облысында құрдастарымен бәстесіп электронды пошта арқылы 3 мектепті миналау туралы хабарлама жіберген 13 жасар бала анықталып, полицияға жеткізілді.
Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамаған үшін оқушының ата-анасы жауапкершілікке тартылды.
Айта кетсек, құқықтық тәртіпті қорғау органдарында қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін осындай құқық бұзушыларды жедел анықтау практикалық тәжірбиесі бар.
«Тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер тек ел ішінде ғана емес, одан тыс жерлерде де әрекет етеді. Жедел өзара іс-қимыл мақсатында шет мемлекеттермен интернет-кеңістіктегі анонимді хабарламалардың авторларына қатысты деректер алмасу бойынша Қазақстанның Бас прокуратурасы Будапешт конвенциясына («Компьютерлік қылмыстар туралы») қосылу мақсатында жұмыс жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Бас прокуратура мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп көрінеу жалған терроризм бойынша қылмыстық жауаптылықты күшейту және құқық бұзушылықтың осы түрін «ауыр» санатына жатқызу (7 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі) туралы мәселені пысықтап отыр», делінген Бас прокуратура хабарламасында.
Елордада 440-тан астам интернет-алаяқтық фактілері тіркелді
Қоғам • Бүгін, 13:51
Қоғамда «цифрлық аутизмге» шалдыққандар көбейіп келеді - сенатор
Пікір • Бүгін, 13:20
Бүгін - Қазақстан мен Еуропалық Одақ дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан күн
Қазақстан • Бүгін, 13:05
Жаңа заң жұмысшылардың құқығын қорғауға тың серпін береді
Саясат • Бүгін, 12:53
Елімізге сапасыз дәрі-дәрмектің келуін қадағалау керек - сенатор
Саясат • Бүгін, 12:43
ОСК Қазақстандағы халықаралық байқаушыларды тіркеуді бастады
Сайлау • Бүгін, 12:33
Түркістан облысында көшелер мен аулаларды су басты
Аймақтар • Бүгін, 12:27
Алматыда мемлекеттік қызметтің 96%-ы цифрлы форматта көрсетіледі
Технология • Бүгін, 12:15
DIGITAL ALMATY 2023 форумына 17 мың адам тіркелді
Қоғам • Бүгін, 12:11
Digital Almaty: криптобиржалардың даму перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:01
Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды
Хоккей • Бүгін, 11:45
Латвия мен Қазақстан арасында жүк тасымалы артты
Қазақстан • Бүгін, 11:40
Алматыда екі автобус соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 11:33
Алматының «цифрлық егізі» күзде құрылады - Ерболат Досаев
Аймақтар • Бүгін, 11:32
Сенат спикері Гүлмира Кәрімованың туған-туыстарына көңіл айтты
Парламент • Бүгін, 11:25
Түркістанда жасөспірімдерге қатысты 400-ге жуық құқық бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 11:13
Еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасы бекітілді
Қазақстан • Бүгін, 11:03
ШҚО-да су тасқыны кезеңіне дайындық басталды
Қоғам • Бүгін, 10:53
KMG Kashagan B.V. бас директоры тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 10:41
Алматыда DIGITAL ALMATY 2023 форумы басталды
Қоғам • Бүгін, 10:25
Қазақстан елшісі Литва Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 10:16
Екібастұзда жылу желісінің үш учаскесі жөнделіп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 10:06
Шымкентте төбелес ұйымдастырмақ болғандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Мемлекет меншігіне 5,3 млрд теңгенің мүлкі өтті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Қазақстанда бір тәулікте 62 адам коронавирус жұқтырған
Коронавирус • Бүгін, 09:39
Қырғызстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Әлем • Бүгін, 09:25
БҚО-да пиязды экспорттамақ болғандар анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:16
2 ақпанға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:02
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Қоғам • Бүгін, 08:55
Аграрлық университет әділет жолында
Білім • Бүгін, 08:52
Ерте қамданғанның есесі кетпейді
Төтенше жағдай • Бүгін, 08:50
Сұранысқа сай маман даярлау қажет
Қоғам • Бүгін, 08:45
Кәсіпкер • Бүгін, 08:40
Музей • Бүгін, 08:35
Футбол • Бүгін, 08:30
«Ақ жол» үміткерлерін анықтады
Қоғам • Кеше
Пікір • Кеше
Саясат • Кеше
Азық-түлік одақтары отандық өндірушілер бағдарламасын қолдай ма?
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар