Спорт • 25 Қаңтар, 2023

Шымкентте үстел теннисінен республикалық турнир өтеді

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында үстел теннисінен Shymkent Cup ашық республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Шымкентте үстел теннисінен республикалық турнир өтеді

Республикалық турнирге Әзербайжан, Ресей, Өзбекстан, Қазақстан спортшылары қатысады.

26, 27 қаңтарда ерлер мен әйелдер жекеде, ал 28, 29 қаңтарда жасөспірім ұлдар мен қыздар жұптық разрядта бақтарын сынап көреді.

Айта кетсек, турнирдің жалпы жүлде қоры 5 700 000 теңгені құрайды.