Қазақстан • 26 Қаңтар, 2023

Ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек – Мемлекет басшысы

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында саяси көзқарасы әртүрлі партияларға ортақ құндылықты атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек – Мемлекет басшысы

«Плюрализм мемлекетті эволюциялық жолмен дамытуға мүмкіндік береді. Бізде саяси көзқарасы әртүрлі партиялар бар. Кандидаттардың түрлі мәселе бойынша ұстанымдарының бірдей болмауы да заңды құбылыс. Бірақ көзқарастары мүлде қабыспайтын ымырасыз қарсыластардың өзіне ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің қасиетті Отанымыз және қастерлі Тәуелсіздігіміз», деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент бұл туралы «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында жазғанын еске салды.

«Өйткені, Тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен және елдік саясатпен тығыз байланысып жатыр. Болашақтың алдында бәріміз бірдей жауап береміз. Кейінгі ұрпақ кімнің саяси ұстанымы қандай болғанына мән береді.

Аға буынның оларға қандай мемлекетті мирас еткеніне қарап, бүгінгі күнін бағалайтын болады. Сондықтан біз ортақ мақсат жолында бірігуіміз керек», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.