Қоғам • Бүгін, 15:57

Премьер-министр 1 маусымға дейін барлық жағажайлар мен бассейндерді тексеруді тапсырды

1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ әкімдіктермен бірлесіп, су айдындары, жағажайлар, бассейндер мен туристік аймақтарға тексеру жүргізу қажет екенін айтты, деп хабрлайды Egemen.kz.

Премьер-министр 1 маусымға дейін барлық жағажайлар мен бассейндерді тексеруді тапсырды

Фото: Ашық дереккөз

Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы маусым кезеңінде қауіпсіздік шараларын күшейту қажеттігін баса айтты.

«Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірге 1 маусымға дейін су айдындарын, жағажайларды, бассейндерді және туристік аймақтарды тексеріп шықсын.Құтқару жабдықтарының болуын қамтамасыз етіп, персоналды алғашқы көмек көрсету және құтқару дағдыларына оқытуды ұйымдастырсын», деді Олжас Бектенов.
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі қалай қорғалады?

 

Соңғы жаңалықтар