Қазақстан • 26 Қаңтар, 2023

Саясат Нұрбек Түркі академиясының президентімен кездесті

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Министр Саясат Нұрбек Халықаралық түркі академиясының президенті Шаһин Мустафаевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Саясат Нұрбек Түркі академиясының президентімен кездесті

Кездесу барысында тараптар түркі әлеміндегі ғылым саласы бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Министр Саясат Нұрбек пен Шаһин Мұстафаев Түркі әлемі университеттерінің бұрынғы одағының жұмысын қайта бастау және жалғастыру мүмкіндігін талқылады.

Академия басшысы бауырлас елдердің ғылыми ұйымдар арасындағы әріптестік байланыстарын одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталып, осы орайда Түркі әлемі Ұлттық ғылым академиялары одағының әлеуеті зор екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол гуманитарлық саладағы ортақ жобаларға қазақстандық ғалымдардың белсенді қатысатынына сенім білдірді. Сонымен қатар 2023 жылы наурыз айында Бішкек қаласында Түркі академиясына мүше мемлекеттердің Білім және ғылым саласына жауапты министрлерінің қатысуымен өтетін Ғылыми кеңестің кезекті отырысының күн тәртібі пысықталды.