Қоғам • 26 Қаңтар, 2023

Астанада ҰҚК-нің үш қызметкері қамауға алынды

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада қаланың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үш қызметкерін қамауға алуға санкция берді. Оларға азаптау фактілері бойынша айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада ҰҚК-нің үш қызметкері қамауға алынды

«2023 жылдың 25 қаңтарында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер Е.И.Аманов, Х.С.Әбдіғали, К.Б.Сартайға қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», делінген Астана сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қалалық соттан түсіндірілгендей, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Бұған дейін ҰҚК-нің үш қызметкері елордалық тергеу изоляторларының бірінде күдіктілерді азаптағаны анықталды.