Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Абай облысының орталығында төмен қарлы боран күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде жел соғып, екпіні 25 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында қарлы боран болады Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі, ал солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі.
Астана қаласында төмен қарлы боран болып, 15-20 м/с жел соғады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде қарлы боран күтіледі. Облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жел соғады.
Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кейде 23-28 м/с жел соғуы мүмкін.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында, сондай-ақ Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман болжанады.
Павлодар облысының солтүстігінде қарлы боран болады. Облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде қарлы боран болады деген болжам бар. Батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде соғатын желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
«Жарайсың, мақтан тұтамыз!». Президент Шавкат Рахмоновпен әңгімелесті
Спорт • Бүгін, 13:55
БҰҰ: Украинада 8 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты
Әлем • Бүгін, 13:31
Жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарлама жіберу ауыр қылмыс
Оқиға • Бүгін, 13:05
Мәулен Әшімбаев Наурыз мерекесімен құттықтады
Қоғам • Бүгін, 12:19
Президент: Ораза ұстайтын жамағаттың ниеті қабыл болсын!
Президент • Бүгін, 11:55
Алда атқаратын жұмыс көп - Мемлекет басшысы
Президент • Бүгін, 11:46
Ұқсас жаңалықтар