Оқиға • 26 Қаңтар, 2023

Біліктілікті шыңдаған оқу-жаттығу

181 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында Ұлттық ұлан академиясының базасында республикалық полиция офицерлеріне арналған оқу-жаттығу жиындары аяқталды.

Біліктілікті шыңдаған оқу-жаттығу

Жаттығуға еліміздің түкпір-түк­пірінен келген полиция бас­­қармалары мен бөлімдері бас­­тық­тарының саяси істер жөнін­дегі және кадр саясаты жөніндегі орынбасарлары қатысып, бір апта бойы білікті­лігін арттырды. Барлығы 114 орын­басар біліктілігі арт­ты­рыл­ғаны жөнінде сертификаттар алды.

Оқу-жаттығу сабақтары Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахмет­жановтың бақылауында болды. Ұлттық ұлан академия­сында оларға кәсіби деңгейін арттыру бойынша оқыту курс­­тары ұйымдастырылды. Басшы құрамның офицерлері жас кез­дерінде өткерген әскери өмір­ге бір сәт оралып, казармада тұрып, сарбаздық өмірдің қатаң тәртібін, саптық дайындығын және асханасын естеріне түсірді. Академияның мәжіліс залында оларға ІІМ оқу орындарының үздік оқытушылары дәрістер оқыды.

Бастық лауазымындағы тұл­ға жеке құрамға қойылатын бар­лық талапты өзіне де қоя білуі қажет. Сондықтан оқу-жаттығу жиындарының басынан бастап курс тыңдаушылары күйзеліске төзімділік, көшбасшылық қа­сиет­терінің деңгейін тексеру үшін психологиялық тестілеуден өтті. Сабақтарда кадр саласын цифрландыру, ІІМ оқу орындарында кадр даярлаудағы жаңа­шылдықтар, жеке құрам­мен жүргізілетін тәрбие жұмыс­та­рының педагогикалық не­гіз­дері, қызметте полиция қыз­меткерлеріне кездесетін пси­хо­ло­гиялық проблемаларды шешу жолдары және басқа да өзекті тақырыптар қарас­ты­рыл­ды. Кадр қызметкерлеріне көптеген міндет жүктелген. Полицияның барлық қызметінің тиімділігі, отансүйгіштік деңгейі мен қызметкерлердің кәсіби тұрғыда өсуі, ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал көбіне білікті кадрлық шешімдерге бай­ланысты.

Оқу-жаттығуға қатысушы офи­церлерге үлкен мәдени бағ­дарлама да әзірленіп, ака­демияның шығармашылық ұжымы ұйымдастырған тақы­рып­тық кеш, СҚО Полиция департаментінің музейіне және Абылай ханның музей-кешеніне экскурсиялар ұйымдастырылып, «Қазбат» әскери-патриоттық көркем фильмі көрсетілді. Осы іс-шаралар сабақтармен қатар өткізілді. Өйткені бұлар да пат­риоттық және саяси тәрбие жұ­мыс­тарының негізі.

«Ішкі істер органдарында кадрлық және тәрбие жұмы­­­сын ұйымдастырудың бірың­ғай тәсілдерін әзір­леу­ге ар­нал­ған жиындар­­ азамат­тар­­­дың құ­қық­тары мен заңды мүд­де­ле­рінің қорғалу дең­ге­йін арттыру, полицияның сервис­тік моделін енгізу, сон­дай-ақ халықтың по­ли­цияға деген сені­мін, кадрларды даяр­лау сапасын арттыру туралы тапсырмасын орындау шеңбе­рінде өткізілді», дейді ІІМ кадр саясаты департаменті басты­ғының орынбасары, полиция полковнигі Бақытжан Бейсеев.

Академия плацында серти­фи­каттарды салтанатты та­быс­­­таудан кейін оқу орны бас­ты­­ғының міндетін уақыт­ша ат­қарушы, полковник Ілияс Сағын­дықов сөз алды. «Курс­­тың мақсаттарының бірі – оқы­ту­дан бөлек, үй-жайда бірге тұрып, топ болып жұ­мыс іс­теу­дің тәжірибесін үйрету. Осы арқылы полиция қыз­мет­­керлеріне бөліністердің жұ­­мы­­­сының күрделілігі мен тиім­­­ділігін көрсеткіміз келді. Бел­гі­лі бір жағдайларда барлық тапсырманы орындай алуы үшін бөлімшеге практикалық дағ­ды­ларды үй­ре­ту­ге басымдық бе­ріл­ді», деді ол.

 

ПЕТРОПАВЛ