Ауа райы • 27 Қаңтар, 2023

Елімізде ашық ауа райы сақталады

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ашық ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ашық ауа райы сақталады

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстік циклонның ойпаты Қазақстан Республикасының солтүстік облыстарына ғана әсер етеді. Елімізде аздаған қар жауып, жел күшейеді, батыста, солтүстікте және оңтүстікте тұман түседі.

Түнде Алматы облысының солтүстігі мен шығысында, солтүстігінде, орталығында, Жетісу облысының таулы аймақтарында қатты аяз, 25 градус күтіледі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде аздаған қар жауады, бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 8-10 аяз.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 2-14, күндіз 1-3 аяз.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 10-12 градус аяз, күндіз 2-4 градус жылы.