Аймақтар • 27 Қаңтар, 2023

Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлының мәйіттері табылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жеке үй өртеніп, ана мен бала қайтыс болды

Қайғылы оқиға кеше таңға жуық орын алған. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 26 қаңтар күні сағат 09:09-да шақырылған. Анықталғандай, жеке тұрғын үйден өрт шыққан.

«Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 09:17-де жеткен. Құтқарушылар 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып жатқанын анықтады. Үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлы қайтыс болды», деп хабарлады ТЖД.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше