Мәселен, ведомство басшысы елордадағы респираторлар шығаратын зауытта, модульдік үй құрылысымен айналысатын ModeX өндіріс орнында, сондай-ақ арнайы техниканы шығаратын кәсіпорын мен витраж, терезе өнімдері, медициналық жабдықтар, кеңсе жиһаздары және металл құрылымдарын дайындайтын зауытта болып, өндіріс қарқынын бағамдап қайтты.
Сонымен қатар Марат Қарабаев бас қаладағы 2-Жылу электр орталығына да аялдап, астанадағы кәріз-тазарту жүйелерінің жұмысын тексерді.
Бұл ретте Астанадағы 2-Кәріз-тазарту жүйесінің құрылысын биыл қолға алып, 3 жылдың ішінде іске асыру жоспарланып отырғанын айта кетейік. Осыған байланысты министрлік өкілдері әкімдікпен бірлесіп, аталған нысанды жедел салу үшін өзекті мәселелерді талқылады.
Елорданың қарқынды дамуын ескерсек, қала әкімдігімен бірлескен жұмыс қолайлы әрі заманауи қалалық ортаны құруға бағытталған шараларды тиімді іске асырудың негізгі жолдарын әзірлеуге септігін тигізетінін атап өткен жөн.