Toyota Corolla автокөлігінің 65 жастағы жүргізушісі Үшарал - Керімағаш автожолының 4-шақырымында көлікті басқара алмай, трассадан ұшып кеткен. Салдарынан көлік су арнасының деңгейін бақылайтын гидротехникалық құрылысқа соғылған.
«Оқиға орнында жеңіл автокөліктің 50 жастағы жолаушысы көз жұмды», деп жазылған хабарламада.
Жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді. ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.