Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023

Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақсу ауданының 52 жастағы тұрғыны атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жетісу облысында фермерден заңсыз қару мен оқ-дәрілер тәркіленді

Үлгілі ауылының маңында орналасқан оған тиесілі шаруа қожалығында полиция қызметкерлері 2 аңшылық мылтық, 1 иір ойықты винтовка және әртүрлі калибрлі 30-ға жуық патрон тапты.

– Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдегу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша жүргізіледі. Тәркіленген қару тиісті сараптамаға жіберілді. Тергеу кезінде күдіктіге қатысты «келу туралы міндеттеме» процедуралық мәжбүрлеу шарасы таңдалды, – деді Ақсу аудандық полициясының бастығы Ернар Ширбаев.