Отырысқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей үкіметтерінің басшылары және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы қатысады. Іс-шараға сондай-ақ Еуразиялық экономиалық комиссияның жанындағы байқаушы мемлекеттердің өкілдері, ТМД Бас хатшысы және Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының басшылары шақырылды.
Отырыстың күн тәртібі сауда-экономикалық ынтымақтастық, техникалық реттеу, ЕАЭО интеграцияланған ақпараттық жүйесі және басқа да өзекті тақырыптардың кең спектрін қамтиды.
Іс-шара барысында үкімет басшылары Валюталық құқықтық қатынастарды реттеу және жеңілдету шараларын қабылдауға келісілген тәсілдер туралы келісімге қол қояды деп жоспарланған.
3 ақпанда ЕАЭО елдерінің премьер-министрлері жыл сайынғы «Digital Almaty» форумының пленарлық сессиясына қатысады. Дәстүрлі түрде форум жұмысына көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, ірі диджитал компаниялардың басшылары, IT бизнес көшбасшылары және цифрлық сала сарапшылары қатысады.
Биыл аталған іс-шара аясында «Digital Almaty Awards» марапаттау рәсімімен тақырыптық жобалардың халықаралық көрмесі өтеді.