01 Маусым, 2010

ӨЗГЕНІҢ ӨМІРІ ҮШІН

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ерлікті адамдардың қаһарлы, отты күндерде ғана жасамайтынына тағы да көз жекіздік. Биылғы қатал қыс Алтайда ұзаққа созылды, қатты бораннан көз жазбадық, ал көктемде су тасқынының астында қалдық. Қатты қысылған әйелді құтқарамыз деген жеті адамның тікұшақ апатынан қайтыс болғаны жайлы хабар жерлестерімізді қайғыға батырды. Елбасының үстіміздегі жылғы 30 сәуірдегі Жарлығымен тікұшақ апатынан қаза тапқан жеті адам мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Атап айтқанда, Мақаншы ауылдық округінің әкімі Е.Сағымбеков, ұшқыш В.В.Столбовский, дәрігер В.Г.Тюктяева “Құрмет” ордендерімен, Келдімұрат ауылдық округінің әкімі Б.Ибраев, С.И.Барабанов, А.А.Стрельник, Ю.Ю.Тюрников “Ерлігі үшін” медальдарымен марапатталды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әкімдіктің отырысында қаза тап­қандардың қосақтарына, туыс-жұрағаттарына жоғары награданы тапсырып тұрып, ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын, Елбасының құрметі жайлы айта келіп, оларға табыс, сәттілік тіледі. Ербол Сағымбековтің зайыбы Ләззат Сағындыққызы Елбасына қаза тапқан азаматтарға көрсеткен құрметі үшін алғысын айтып, елімізге ынтымақ пен бірлік тіледі. Оңдасын ЕЛУБАЙ. ӨСКЕМЕН.