«Келесі мәселе – қоғамдық көлік жүйесін дамыту. Мен қала ішінде адам көп жүретін бағыттарды анықтап, автобустардыңың жиі қатынауын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырма бердім», деді Президент.
Дегенмен қала тұрғындары әлі күнге дейін аялдамада жарты сағат бойы тұруға мәжбүр. Президенттің айтуынша, бұл мәселе қыс мезгілінде өте өзекті.
«Тіпті, кейде жолаушылар автобусқа сыймай жатады. Қазір Астанаға 400-ден астам автобус жетіспейді. Алдағы 5 жылда бұл тапшылық 2 есе артуы мүмкін. 400 аялдамада автобус тоқтайтын арнайы орын қарастырылмаған. Ал 300 аялдамада жабық павильон жоқ. Бұл мәселе, әсіресе, қыс кезінде өте өзекті», деп атап өтті Қ.Тоқаев.
Президенттің айтуынша, LRT-ға қатысты жұмысты мейлінше тездетіп аяқтау керек.
«Мен бұрын да айттым, LRT жобасы негізінен қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ, бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал балама жобалар жоқ. Жалпы, әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, Астананың көлік жүйесін дамытуға арналған кешенді бағдарлама әзірлеуді тапсырамын», деді ел Президенті өз сөзінде.