Синоптиктердің мәліметінше, ертең түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі деп күтіледі. Мұғалжар ауданында шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с құрайды.