«Қарағанды қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен «Сары-Арқа» әуежайы» АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп, 31 104 912 (отыз бір миллион бір жүз төрт мың тоғыз жүз он екі) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды», делінген ведомство хабарламасында.
Сондай-ақ сот қаулысы заңды түрде күшіне енген соң әуежай 50 240 000 (елу миллион екі жүз қырық мың) теңге мөлшерінде монополиялық табысты төледі.
Осылайша, мемлекет кірісіне жалпы сомасы 81 344 912 теңгеге айыппұл өндірілді.