Жәдігер • 01 Ақпан, 2023

Жәдігер болып жеткен алғыс

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағандыдағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында тұрған бұл жәдігер Қазақстанға Украинадан жеткен.

Жәдігер болып жеткен алғыс

Музей қызметкерлерінің айтуынша, оқиға былай болған. 1940 жылы Қазақстанға Украинадан жер аударылғандар арасында Любовь Михеева­ның әке-шешесі және туыстары болған. Олар Қарағанды топырағында жүріп жан сақтап қалса керек. Біраз жыл осында қоныс тепкен туыс­тары заман жақсарып, мамыражай күн туа бас­тағанда, Отанына қай­­та оралады. Ал Лю­бовь ханымның өзі Қа­ра­ған­дыда туған, осында тұрады. Қайбір жылдары атажұртын аралап барғанда, кезінде Украинаға қайт­қан бауырлары Любовь Ми­хееваның алдынан шы­ға­ды. Сонда бір әйел «жанымды сақтап қалған Қазақстанға менен бір белгі болсын, мына кестелі орамалды (рушник) Қара­ғандыдағы мұражайдың біріне тапсырарсыздар» деп аманаттайды. Сол жәдігер қазір об­лыстық бейнелеу өнері мұра­жайында тұр. Украиндық нақышта то­қылып, солардың ұлт­тық өрнегімен әдіп­телген бұл орамалды өздері қасиетті санайды екен. Өйткені ол Құдай бейнесі деп бі­летін Иконаның тұ­сына ілуге арналған. Любовь Михееваның туысының «Құдайдан кейін жанымды сақ­таған Қазақстанға ал­ғысым – осы» деген ілтипаты іспетті деп тү­сінуге болады. Өз­де­рі әулие тұтып та­бынатын қасиетті дүниесінің тұ­сына іл­ген кестелі орамал өткен күннің бел­гісіндей, тарихтағы күштеп жер аударуды және содан аман қалған жұрттың тәубесі мен шүкіршілігін әйгілеп тұр.