Аталған құжат көлік саласының барлық бағытын қамтып, оның ішінде теміржол, автомобиль, су, әуе көлігі, сондай-ақ логистика саласының дамыту мәселелерін көздейді.
Осы арқылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тұжырымдамада қарастырылған міндеттерді уақтылы іске асыру жөнінде шараларды қабылдайды. Бұл қолға алынған амал осы бағытта қолжетімді, қауіпсіз және инклюзивті ұтқырлықты қамтамасыз етіп, сонымен қатар еліміздің бәсекеге қабілеттілігін нығайтумен бірге транзиттік хабқа айналуға септігін тигізеді деп күтіледі.