Қазақстан • 03 Ақпан, 2023

Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті

288 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан «Digital Almaty 2023» халықаралық цифрлық форумның екінші күні  Премьер-министр Әлихан Смайылов Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинмен кездесуімен басталды, деп жазады Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Михаил Мишустинмен кездесті

Кездесуде өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскені айтылды.

Сонымен қатар өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды. Бұған қоса құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтіліп отыр.

«Ресей мен Қазақстанның ынтымақтастығы бауырластық пен достық, сондай-ақ стратегиялық әріптестік қағидаттарына негізделген, екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайту Мәскеу үшін абсолютті басымдық болып табылады»,   деді Михаил Мишустин.

Ресей мен Қазақстан арасындағы өзара сауда табысты дамып келеді, көрсеткіш 10 пайызға  өсіп, 25,5 млрд долларға жетті.