Кәмел Жүністегі 1939 жылы 27 қаңтарда Шет өңірінде, Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қожа руынан шыққан. 1960 жылы Қарағанды педагогикалық институтына оқуға түскен. 1962 жылы қазақ жастары жасырын ЕСЕП-тің (Елін сүйген ерлер партиясы) ұйымдастырушысы ретінде саяси айыпталған. 1967 - 84 жылдары мектепте мұғалім, 1984-88 жылдары оқу бөлімінде, «Білім» қоғамында (1988), 1989-92 жылы мұражайда қызмет еткен.
К.Жүністегі Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР мәдениет қайратекері, С.Сейфуллин атындағы сыйлықтың иегері, «Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Ұлы пайғамбар және ұрпақтары», «Шырағдан», «Қоңыр Құлжа», «Мөрші», «Арманым оттан өрілген», «Едіге», орыс тілінде «Вожак», «Адам, қайда барасың?» кітаптарының, «Құба белдер» трилогиясының, «Тар заман» спектакілінің авторы.