Үкіметаралық комиссияның жұмысына қазақстандық және британдық университеттер де шақырылды.
Министр Саясат Нұрбек британдық әріптестерін қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің қазіргі даму тенденциялары туралы хабардар етті. Сондай-ақ ол Қазақстан үкіметі халықаралық әріптестікті кеңейту, елімізде шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ сапар барысында С.Нұрбек Ұлыбританияда білім алып жатқан «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесті. Жоғары білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер туралы қызу әңгіме өрбіді. Өз кезегінде стипендиаттар министрмен инновациялық жобаларды құру туралы ойларымен бөлісті.
Министр Саясат Нұрбек «Жоғары білім беру саласындағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық арқылы мемлекетаралық қатынастарды нығайту» атты Ұлыбритания-Қазақстан 9-шы Үкіметаралық комиссиясының жұмысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елдос Сметов жылдың үздік спортшысы атанды
Спорт • Кеше
Қазақстан теннисшісі Еуропада жыл үздігі атанды
Теннис • Кеше
Жайық өзені туралы энциклопедиялық фотоальбом таныстырылды
Экология • Кеше
Қазақстан енді Арменияға ет экспорттайды
Экспорт • Кеше
ҚФФ Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады
Оқиға • Кеше