Синоптиктердің мәліметінше, ертең Атырау, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ауа райы құбылады.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде, орталығында қалың қар жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын жүреді. Боран соғады. Күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда күндіз қар жауады, боран болады, шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең Қызылорда облысының орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Қызылордада тұман болады деп күтіледі.
Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік батысында қарлы боран болады. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандары мен тау бөктерінде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Облыстың орталығында, солтүстігінде тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Шымкентте түнде найзағай ойнайды деп күтіледі. Шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің найзағай кезінде екпіні - 15-20 м/с.
Сондай-ақ Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысында, солтүстігінде шығыстан, оңтүстік шығыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с болады деген болжам бар.