Жаңа басшыны Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев таныстырды.
Асылбек Мұратұлы БҚО Аңқаты ауылында дүниеге келген. 2000 жылы инженер-құрылысшы мамандығын меңгерген.
Әр жылдары Ақмола автомобиль жолдары мемлекеттік мекемесінің эксплуатация және қабылдау жұмысы бөлімінде жетекші маман, кейін осы ведомствода сапаны бақылау бөлімінің, экономикалық жұмыс және тендерлер бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.
2005 жылы «Спецдорстрой» ЖШС жобаларды басқару бөлімінің инженері болған. Сол жылы «Road Development» ЖШС бас инженері, 2007-2014 жылдары «ИРМАСТ-А» ЖШС директоры, 2017 жылы «Теміржол жөндеуі» ЖШС автожолдар құрылысы басқармасының жоба жетекшісі, 2018-2022 жылдары «ҚазАвтоЖол» КЕАҚ бірінші санатты менеджері болып еңбек еткен.