Аймақтар • 07 Ақпан, 2023

Атырау-Астрахань тасжолы жабылды

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қалың қар жауып, бұрқасын салдарынан «Атырау-Астрахань» бағытындағы республикалық тасжол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау-Астрахань тасжолы жабылды

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-ден (Астана уақыты бойынша 16:00) ауа райының қолайсыздығына байланысты «Атырау-Астрахань» тасжолы көліктің барлық түрлері үшін уақытша жабылды.

«Қозғалыс режиміндегі өзгерістер туралы қосымша хабарланады. Өңірде жауған қалың қарға байланысты барлық жол қозғалысы қатысушыларына күрделі ауа райы жағдайында жол ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеміз», делінген облыстық жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.