Қызылсуат ауылында жаңа құрылыс аумағына арналған электрмен жабдықтау қосалқы станциясын салу кезінде 1,3 млрд теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, осы іске қатысты Целиноград ауданының ТКШ бөлімінің басшысына және «РемСтройСервис ПВ» мен «MS-Energy» ЖШС басшыларына қатысты айыптау үкімі шықты.
Істі ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті өңірлік прокуратурамен бірлесіп тергеді. Қылмыстық істің барлық қатысушыларына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
«Сотталған кәсіпкерлер мен ЖШС қызметкері коммерциялық және өзге де ұйымдарда 10 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқара алмайды. Ал ТКШ басшысы өмір бойы мемлекеттік лауазымды қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қырғызстанда топырақ көшкіні жүріп, тұрғындар эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 14:01
ЕҰУ әлемдік рейтингте едәуір ілгеріледі
Білім • Бүгін, 13:32
Малайзияда Қазақстан теннисшілері жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:13
Биыл елімізде 18 мың пәтер пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 12:30
Александр Бублик Майами мастерс турнирінде жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 12:12
Үндістанда пиротехника фабрикасындағы жарылыстан 8 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 12:02
Ұқсас жаңалықтар