Қоғам • 08 Ақпан, 2023

Есірткі саудасымен айналысқан қыз 10 жылға сотталды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың жазында ұсталған Петропавл қаласының 20 жастағы тұрғыны 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есірткі саудасымен айналысқан қыз 10 жылға сотталды

СҚО полиция департаментінің хабарлауынша, айыпталушыдан мефедрон есірткі заты салынған 4 бума тәркіленді. Тергеу барысында қала тұрғыны ғаламтор желісінде бірден екі аккаунт тіркеп алып, белсенді түрде жұмыс істегені анықталды. Оған қатысты материалдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды өткізу, беру немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша материалдар сотқа жолданды. Нәтижесінде ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Синтетикалық есірткі сатудың жолын кесу – полицияның бірінші кезектегі міндеттерінің бірі. Естеріңізге сала кетейік, синтетикалық есірткінің үлкен мөлшері бір граммнан басталады», деді СҚО ПД басшысы Иван Терзиди.

Соңғы жаңалықтар

Көп күттірген күрежол ашылды

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2024

Климаттың өзгерісі әлемді алаңдатады

Экология • 07 Желтоқсан, 2024

Жас зерттеушілер форумы

Форум • 07 Желтоқсан, 2024

Ілкімді жобалар ілгері оздырады

Экономика • 07 Желтоқсан, 2024

Атакәсіпті ардақ тұтқан

Еңбек • 07 Желтоқсан, 2024

Талабы таудай тас қопарар

Маман • 07 Желтоқсан, 2024