Ауа райы • 08 Ақпан, 2023

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі

«Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен елдің басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, атап айтқанда республиканың солтүстік жартысында төмен қарлы боранмен қар жауады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жауын-шашын күтіледі. Сондай-ақ еліміздің оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болжанып отыр, ал елдің шығысында қалың қар жауады», делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста көктайғақ күтіледі.

Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.