Негізі бағдарлама арқылы ерлі-зайыптылар елдің кез келген емханасына жүгіне алады. Ал Қарағандыда бұл процедураны «Ақжан» клиникасы іске асырады. Клиника үшінші жыл «Аңсаған сәби» бағдарламасына қатысып келеді. Осы клиникаға былтыр экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасына 101 квота бөлінсе, биыл ол екі есе артқан, яғни 214 квота.
– Бағдарлама уақтылы аяқталды. Аяғы ауыр 40 әйел есепке алынды. Оның ішінде жеті отбасы 8 сәби сүйді. Бұл бағдарламаның түпкі нәтижесін осы жылдың соңында көреміз, – дейді «Ақжан» клиникасының ЭКҰ бөлімінің меңгерушісі Евгения Лапина.
Сәби сүюді ұзақ жыл аңсаған, қанша емделсе де дауа таппаған отбасылар осы бағдарлама арқылы перзент көргені рас. Клиника емделушілерінің қатарындағы бір жұп жеті жыл бойы бала көтере алмапты. Дәрігердің айтуынша, қанша емделсе де нәтиже бермеген. Бес жыл ем-дом қонбаған. Қазір енді егіз баланы күтіп отыр екен.
«Ақжан» клиникасына тек Қарағанды ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарынан келіп ем алуға рұқсат. Негізі, клиника бедеуліктің барлық түрін емдейді.
Ал ЭКҰ-ға биыл медициналық сақтандыру қоры 373,8 млн теңге қарастырған екен. Экстракорпоралды ұрықтандыру процедурасының құны орта есеппен 1,06 теңгеден 1,227 млн теңгеге дейінгі аралықта екен.
Қарағанды облысы