Әлем • 09 Ақпан, 2023

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияда жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандар саны 12 391-ге, жараланғандар саны 62 914-ке жетті, деп хабарлайды Egemen.kz «Anadolu» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 12 мыңнан асты

фото: Khalil Hamra

6 ақпан күні таңертең Кахраманмараш провинциясында магнитудасы 7,7 болатын жер сілкінісі болды. Түркия президенті атап өткендей, бұл жер сілкінісі 1939 жылдан бері болған ең ірі апат болды.

Түркияда үш күннен бері жерасты дүмпулері жалғасып жатыр.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырған еді.

 

Соңғы жаңалықтар

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 09:10

Жұбановтан қалған жәдігер

Жәдігер • Бүгін, 08:55

Алаш тұлғасына құрмет

Тағзым • Бүгін, 08:45

Кәсіптің өзгерген келбеті

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:40

Қоныстой қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Тобыл бойындағы тазалық акциясы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 08:25