Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Қазақстандағы түрмелерде Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі таңда Қазақстандағы бас бостандығынан айыру мекемелерінде Өзбекстанның 486 азаматы жазасын өтеп жатыр. Ал Өзбекстанда Қазақстанның 20 азаматы түрмеде отыр. Көп жағдайда өзге елде жазасын өтеп жатқандар тілді, жергілікті әдет-ғұрыпты білмейді. Адамдармен қарым-қатынас олардың басқа ортада болуына байланысты қиындайды. Туған-туыс, дос-жараннан алыс болғандықтан, мұндай адамның қоғамға бейімделуі қиын. Отбасымен тілдесу, жақындарымен кездесу сотталған адамға оң әсер ететіні сөзсіз», деді Әсет Шындалиев Сенаттың жалпы отырысында.
Бұған дейін Парламент Сенаты Өзбекстанмен сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялағаны хабарланған еді.
Елімізде «Жер сағаты» акциясы өтеді
Қоғам • Кеше
Биылғы Ораза кестесі жарияланды
Дін • Кеше
Алматы облысында Наурыз мерекесі кең көлемде атап өтілді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар