«Қазіргі уақытта құрбан болғандар саны 14 014-ке жетті, тағы 63 794 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Сондай-ақ 6 444 ғимарат қираған», деді Режеп Тайып Ердоған.
Қазіргі таңда Түркия президенті Газиантеп қаласында жүр.
Ол апат орындарында модульдік қалашықтар салуды тапсырды, ол үшін кейбір құрылымдар шетелден жеткізіліп, апатты аймақтардағы 10 провинцияға бөлінеді.