Оқиға • 10 Ақпан, 2023

Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі үйінді арасынан табылды

499 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Хатай провинциясындағы толығымен қираған ғимараттан қазақстандық құтқарушылардың күшімен екінші қазақстандықтың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда тағы бір қазақстандықтың денесі үйінді арасынан табылды

Құтқарушылар іздестіру барысында алдын ала белгіленген іздестіру орнына қол жеткізу үшін барынша жедел түрде арнайы ойық жасауға тырысқан.

«Құтқарушылар кішкентай бос орындар арқылы ойықтың ішіне кірді. Бұл ретте құтқарушылар құрылымдық элементтердің қайта құлауын болдырмау үшін тосқауылдарда аз саңылаулар жасауға тырысты, үйіндіде қауіпті учаскелерді бекітті, үйінді бөлшектерін көтеріп, жылжытты», деп жазылған ҚР ТЖМ таратқан хабарламада.