Білім • 10 Ақпан, 2023

Қазақстанда 401 жаңа мектеп салынады

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы биыл басталады. Осылайша үшінші ауысымнан толықтай құтылып, мектептердегі орын тапшылығын жоюға болады. Қазірдің өзінде 225 мыңға жуық оқушыға орын жетпейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 401 жаңа мектеп салынады

Жаңа үлгідегі мектептер 2025 жылдың соңына дейін республикамыздағы қалаларда да, шалғай елді мекендерде де салынады. Құрылысқа отандық өндірістегі материалдар қолданылады.

Мектептерді жобалау Қазақстанның қолданыстағы нормаларына, Үкімет бекіткен техникалық тапсырмалары мен білім беру ұйымдарын салудағы озық халықаралық тәжірибеге негізделеді. Ұлттық жобаның бірыңғай операторы – Samruk-Kazyna Construction компаниясы.