Қазақстан • 12 Ақпан, 2023

Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне елшілік үндеу жасады

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркиядағы Қазақстан елшілігі аталған елде білім алып жатқан азаматтарына төтенше жағдайдың салдарынан туындаған мәселелерге байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркияда оқып жатқан Қазақстан студенттеріне елшілік үндеу жасады

«6 ақпанда Түркияның Оңтістік-Шығыс аймағында болған жер сілкінісі салдарынан жарақат алған азаматтардың саны артып келеді. Осыған байланысты Түркия президенті елдегі жоғары оқу орындары онлайн білім беруге көшірілетінін хабарлады. Бұл ретте, мемлекет меншігіндегі ЖОО-лардың жатақханалары зардап шеккен азаматтарды уақытша орналастыру үшін пайдаланылатын болады. Айта кетейік, Түркия билігінің бұл хабарландыруы жекеменшік пәтерде, жалға алынған пәтерде тұрып жатқан студенттерге қатысты емес. Түркияда тұрып, сабақты онлайн жалғастыра алады», делінген елшілік мәліметінде.