Қазақстан • 13 Ақпан, 2023

Бас мүфти Түркия елшілігіне көңіл айтты

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркия Республикасының еліміздегі елшілігіне арнайы барып, елдегі ауыр жағдайға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бас мүфти Түркия елшілігіне көңіл айтты

«Түркия  – түбі бір туысқан ел. Біз байырғы баба-батыр түркінің кіндігінен тараған ұрпақпыз. Тіліміз жақын, тілегіміз бір. Бауырлас елдің басына келген қайғы – біздің де қайғымыз. Қазақ халқы жүрегімен сіздермен бірге. Алла Тағала табиғи апаттан қаза тапқан жандардың дәрежесін арттырып, жәннатын нәсіп еткей. Жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеймін», деп жазды көңіл айту кітабына Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Уфук Екиджи мырзамен және оның дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Будурмен кездесіп, көңіл айтты. Сондай-ақ табиғи апаттан қаза тапқандардың рухына арнайы Құран бағыштап, қиналып жатқан тұрғындарға Алла Тағаладан жеңілдік сұрады.