«Күрделі жөндеу жұмыстары барысында жалпы ұзындығы 140 метрді құрайтын өткелдің аралық құрылымдары мен барлық тірек бөліктері бөлшектеледі, содан кейін мамандар бұрғылау қадаларын құю, тірек бөліктері мен арқалықтарды монтаждау бойынша жұмыстарға кіріседі. Көпір өткелінің құрылыс жобасы аясында соңғы бірнеше жылда тіркелген жоғары қозғалыс қарқындылығы ескерілді. Бұл көрсеткіш тәулігіне 15 мыңнан астам көлікті құрап отыр», делінген хабарламада.
Күрделі жөндеу жұмыстары екі ауысымда жүргізіліп жатыр, оларға 30 арнайы техника мен 70-ке жуық маман жұмылдырылды.
Көпір өткеліндегі күрделі жөндеу жұмыстары Р-10 трассасының өткізу қабілетін арттырып қана қоймай, болашақта көліктер мен пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді.