Қоғам • 14 Ақпан, 2023

Иранның мемлекеттік салтанаты

443 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Иран Ислам Республикасының бас консулдығы Иран Ислам Революциясы жеңісінің 44 жылдығы мен Иранның ұлттық күніне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Иранның мемлекеттік салтанаты

Иран Ислам Республикасының бас консулы Мохсен Фағани қонақтарға ыстық ықыласы мен мемлекет үшін маңызды кешке қатысқандары үшін алғыс білдірді. «Дүние жүзі халқының шамамен 1 пайызын құрайтын 85 млн халқы бар Иран бүгінде дүние жүзіндегі пайдалы қазбалар қорының 7 пайызына ие. Шы­ғыс пен батыс, солтүстік пен оңтүстік ара­сын­дағы ерекше географиялық жағдайының арқа­сында үлкен ұлттық және аймақтық нары­ғы, ұзын теңіз жағалаулары, әртүрлі ауылшаруа­шы­лық өнім­дерге бай құнарлы жері бар Иран жаһан­дық қо­ғам­дастықпен ынтымақтастықта айтар­лық­тай нәтижеге қол жеткізіп отыр», деді бас консул.

Салтанатты іс-шараға Сыртқы істер ми­нистр­­­лігінің өкілдері де қатысты. Министр­лік­тің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Бақыт­­жан Бөлегенов Иран Ислам Респуб­ли­ка­­сын Ұлттық күнімен және Ислам револю­ция­сы­ның 44 жылдығымен құттықта­ды. Өткен жылы Қазақстан мен Иран арасын­дағы диплома­тиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

«2022 жылдың маусым айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Ислам Республикасына алғашқы ресми сапарын жасады. Бұл сапар Қазақстан-Иран қатынастарын жаңа деңгейге көтеріп, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға оң серпін берді. Сапар қорытындысы бойынша 2022 жылғы шілдеде Иран азаматтары үшін 14 күнге дейінгі мерзімге визасыз режім күшіне енді, ал қарашадан бастап Қазақстан азаматтары үшін де осындай жеңілдік енгізілді. Самарқандта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті, ал 2022 жылдың қазан айында Иран Президенті Ибрахим Раиси Қазақстанның елордасы Астана қаласында болды. Биыл қаңтар айында өткен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 18-отырысының қорытындылары барлық саладағы өзара іс-қимылдың одан әрі өсуін өте жоғары сеніммен болжауға мүмкіндік береді», деді Бақытжан Ерғалиұлы.

 

АЛМАТЫ