Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

Қостанай облысында заңсыз табыс тапқан Ресей азаматы ұсталды

334 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚМА Қостанай облысы бойынша департаментімен «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлы активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың тағы бір фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында заңсыз табыс тапқан Ресей азаматы ұсталды

«Ресей Федерациясының азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде аса ірі көлемде 180 миллион теңгеден астам сомаға табыс тапқаны анықталды. Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде «Binance» криптобиржасының платформасында орналастырылған цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді», деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа да мәліметтер ашып көрсетуге жатпайды.