Қоғам • 15 Ақпан, 2023

Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері аукционға қойылады

267 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Энергетика вице-министрі Асхат Хасенов 15 ақпанда өткен брифингте мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері инвестиция тарту үшін аукционға қойылатынын мәлімдеді. Жиында Жер қойнауы туралы кодекске қандай түзетулер енгізілетіні айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекетке қайтарылған жер учаскелері аукционға қойылады

«2022 жылы жер қойнауын пайдалануға салынған инвестиция сомасы 7,7 трлн теңге, оның ішінде өндіріске – 2,8 трлн теңге, геологиялық барлауға - 135,7 млрд теңге, қалған 4,7 трлн теңге күрделі шығындарға, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына (ӨӘЭД), азаматтарды оқытуға, ҒЗТКЖ-ға тиесілі болды»,  деді Асхат Хасенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Асхат Хасенов ведомствоның салалық заңнаманы жетілдіру бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

2022 жылы Энергетика министрлігі Жер қойнауы туралы кодекске келесі түзетулер дайындаған:

  • Өндірілуі қиын қорларды игеруге тарту мақсатында «дәстүрлі емес көмірсутектер» бөлігіне бірқатер нормалар енгізілді. Бұл бастама «жеңіл мұнайды» игеруден «шығарылуы қиын мұнайға» көшуге дайын болуға және оны алдын ала қарастыруға мүмкіндік береді.
  • Аукциондар арқылы жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімдері жеңілдетілді, атап айтқанда: мемлекеттік органдардың қолданыстағы дерекқорларымен интеграция, бұл аукционға ұсынылатын құжаттардың санын қысқартуға мүмкіндік береді; кепілдік жарнаны енгізу; екінші орын алған қатысушымен келісімшарт жасасу.
  • Реттеушілік және фискалдық преференциялардың елеулі пакетін бекітетін күрделі жобалар бойынша жер қойнауын пайдалану саласында «Жақсартылған модельдік келісімшарт» (ЖМК) енгізілді.

ЖМК тетігі елдің минералды-шикізат базасын толықтыруға және күрделі жобалар бойынша инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

«Аукцион арқылы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру рәсімі 2020 жылдан бастап толығымен автоматтандырылған және электронды түрде көрсетіледі, бұл оның барынша ашықтығын қамтамасыз етеді», деді вице-министр.

2020-2021 жылдары 3 электрондық аукцион өткізілгені атап өтілді. Нәтижесінде көмірсутектерді өндіруді барлауға және өндіруге 39 жаңа үлгілік келісімшарт жасалды. Мемлекеттік бюджетке төленген қол қою бонусының сомасы 12,8 млрд теңгені құрады, геологиялық барлауға 237,4 млн доллар сомасына инвестиция тартылды.

«2022 жылы Энергетика министрлігі 2 аукцион өткізді, оған 55 жер қойнауы учаскесі шығарылды. Аукциондардың нәтижелері бойынша шамамен 26 млрд теңге сомаға қол қою бонусын төлей отырып, 38 жер қойнауы учаскесі өткізілді. Геологиялық барлауға салынған инвестициялар 100,0 млн доллардан асты», деп түйіндеді Асхат Хасенов.

Соңғы жаңалықтар

Нағыз ғалым еді...

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Аурухана жағдайымен танысты

Саясат • 13 Шілде, 2024

Әскерилерді әлеуметтік қолдау

Саясат • 13 Шілде, 2024

Базалық мөлшерлеме төмендетілді

Экономика • 13 Шілде, 2024

Көршінің наны

Қоғам • 13 Шілде, 2024