Әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және конкурстың келесі кезеңіне жіберілген шығармалардың тізімін ұсынады:
Әдебиет секциясы бойынша Жайлыбай Ғалым – ақын. «Тобылғыжарған» өлеңдер, толғау және поэмалар. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған. Мұханбетқалиұлы Қажығали – жазушы. «Тар кезең» тарихи романы. Қазақстан Жазушылар одағы ұсынған. Оралбаев Өтеген Оралбайұлы – ақын. «Қағбаның қарлығаштары» жыр жинағы. Астана қаласының әкімдігі ұсынған. Салықбаева Гүлнар – ақын. «Кешіріңдер келгенімді өмірге» өлеңдер жинағы. «Президент және халық» республикалық қоғамдық-саяси газеті ұсынған. Музыка, театр және кино секциясы бойынша Дүйсекеев Кеңес – композитор. 2009-2013 жылдары жазылған шығармалары (12 ән). Қазақ ұлттық өнер университеті ұсынған. Кесоглу Пантелей (Лаки) Константинович – әнші. «Песня душа моя» атты жеке концерті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұсынған. Қыдырбек Балнұр Балғабекқызы – композитор. «Реквием» вокалды-симфониялық шығарма. «Қазақстан композиторлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұсынған. Теменов Талғат Досымғалиұлы – режиссер. М.Әуезов «Ай-Қарагөз...» спектаклі (қоюшы-режиссер). Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы ұсынған. Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша Досмағамбетов Дәурен Төлегенұлы – сәулетші. Қарағанды қаласындағы Қ.Сәтбаевқа ескерткіш. Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Қарағанды суретшілер одағы, халықаралық Қ.И. Сәтбаев қоры ұсынған. Авторлық ұжым: Есім Ахметжан Смағұлұлы, Әбілдә Төлеген Сыздықұлы, Рүстембеков Ақмырза Исаұлы, Ешкенов Ғазиз Ақзамұлы, Күлбаев Мұратбек – Алматы қаласының метрополитені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған. Авторлық ұжым: Мырзахметов Асқар Исабекұлы, Әшірбаев Бақытжан Құдайбергенұлы, Рустамов Насир Ачилович, Шүменов Әмірхан Бекжанұлы, Бөкебаев Нұрлыжан Маратбекұлы – Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған тарихи-монументалдық саябақ кешені. Қазақстан Республикасының Сәулетшілер одағы ұсынған. Комиссия шығармашылық және қоғамдық ұйымдарды, мәдениет ұжымдарын, осы саланың мамандарын аталған шығармаларды ашық талқылауға шақырады. Пікірлеріңізді осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қаласы, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті, 527-бөлме. Тел.: 8 (7172) 740475, факс 740568.• 20 Маусым, 2014
Әдебиет және өнер саласындағы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі республикалық комиссияның хабарламасы
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33